Қазақстанда шамамен 700-ге жуық есірткі түрі анықталды — министр

0
171
Фото: gov.kz

Кейінгі 5 жылда синтетикалық есірткіні тәркілеу көлемі 10 келіден 1 тоннаға дейін күрт өсті. Бұл туралы Мәжілісте есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тақырыбындағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Саденов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Дүниежүзінде мыңнан астам есірткі түрі бар. Қазақстанда шамамен 700-ге жуық есірткі немесе оның аналогтары бар. Елдегі есірткі ахуалына үш негізгі фактор әсер етеді. Яғни каннабис шикізаты, «Солтүстік бағыт» арқылы өтетін ауған героині, синтетикалық есірткінің таралуы ықпал етеді. Біздегі есірткі бойынша ахуалдың күрделенуіне қарасақ келесі кезеңдерге бөлуге болады. Біріншіден, 1990-шы жылдары есірткі нарығында «марихуана», «гашиш», «апиын» көбірек болды және «героиннің» алғашқы партияларының пайда болуымен Сипатталады. Осы кезеңде Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының есірткіге қарсы барлық үш конвенциясын ратификациялады және оны бақылауға алудың халықаралық жүйесіне қосылды. 1998 жылы елімізде «Есірткі құралдары туралы» алғашқы Заң қабылданды. Екіншіден, 2000-шы жылдары ГЕРОИН нашақорлығы өрши бастады. Инъекциялық есірткілер сол уақыттың «дерті» болды.
Нашақорлар бір шприцті пайдаланғандықтан, қоғамда АИТВ аурулары тез тарала бастады», — деді Е. Саденов.

Оның айтуынша, 2015 жылдан бастап қазірге дейін «синтетикалық есірткінің» жаппай таралуы байқавлды. тап болдық.

«Алғашқыда біздің заңнама жедел әрекет етуге мүмкіндік бермеді. 2019 жылға дейін есірткінің тізімі тек заң деңгейінде реттелетін. Тиісті нормаларға өзгеріс енгізу бір жылдан астам уақыт алатын. Осы аралықта есірткі нарығы бақылаудан тыс жаңа заттармен толығып үлгеретін. Бұл есірткі таратушыларға қолданыстағы заңнаманы айналып өтуге мүмкіндік беретін. Осы процесс тіпті кісі өлімімен аяқталатын жаңа есірткінің пайда болуына әкеп соқтырды. Осыған тосқауыл қою үшін біз заңнаманы өзгерттік. Бұл заң Үкіметке есірткі тізімін бекіту өкілеттігін міндеттеді. Қазіргі есірткі тізімін келістіретін органдарды 11- ден 3-ке дейін азайтуды қарастырып жатырмыз», — деді министр.

Бұл ретте ол жаңа психикалық белсенді заттарды бақылауға алудың нақты механизмі енгізілгенін айтты. Қазіргі кезде елімізде есірткінің барлық түрі бақылауға алынды. Екіншіден, есірткінің жаңа түрін тізімге қосу процедурасы 1 айдың ішінде іске асырылады.

«Үшіншіден, елімізде есірткінің жаңа түрі пайда болмай тұрып, оны бақылау тетіктері жүзеге асырылады. Аталған өзгерістер енгізілген күннен бастап «синтетикалық есірткімен» күресудің құқықтық құралдары пайда болды. Кейінгі 5 жылда «синтетикалық есірткіні» тәркілеу көлемі 10 келіден 1 тоннаға дейін күрт өсті», — деді Ержан Саденов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Астанада 1200-ден астам жарнамалық белгі алынып тасталды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213