Қазақстанда Жошы есімді 31 адам тіркелген – Ұлттық статбюро

0
94
Фото: z-taraz.kz

 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы ханның есімін ұлықтаудың, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдырудың маңыздылығын айқындаған болатын. Есім демекші, қазақстандықтар баласына ерекше ат қоюға ұмтылатыны белгілі. Осы орайда, Ұлттық статистика бюросына хабарласып, Жошы есімді қанша қазақстандық бар екенін сұрап білген едік.

Қоғамда Жошы хан туралы мағлұматтар енді ғана қызу талқыланып жатқандықтан, Жошы есімді қазақстандықтардың аз болатынын болжаған едік. Десе де, Жошы есімді 31 адамның барын біліп, елең ете қалдық. Айтпақшы, Джучи есімді 3, Джошы және Жоши есімді 1 адам тіркелген екен.

Бізді бұл тарихи есім еліміздің қай бөлігінде көп екені қызықтырды. Сөйтіп, Ұлттық статистика бюросының сайтына кіріп, әр аймақты түгендеп шықтық. Сонымен 31 адам еліміздің қай өңірінде тіркелген?

Астана қаласы – 5

Алматы қаласы – 3

Шымкент қаласы – 4

Абай облысы – 2

Алматы облысы – 3

Атырау облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 3

Жамбыл облысы — 1

Қарағанды облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Маңғыстау облысы – 1

Түркістан облысы – 1

Ұлытау облысы – 2

Биыл елімізде Жошы ұлысының 800 жылдығына орай ауқымды іс-шаралар жоспарланғаны белгілі. Сайлау кезінде дүниеге келген нәрестеге Сайлаубек деп ырымдап ат қоятын ағайын Жошы есімін қоятынына да сенімдіміз. Ендеше, келесі жылы елімізде Жошы есімді қанша адам тіркелгенін тағы бір зерттеп көрерміз…


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Депутаттар ЖСН-ді нәресте туған бойда бірден беруді ұсынды