Қазақстандықтар енді үсті-үстіне несие ала алмайды – Ұлттық банк төрағасы

0
192
фото: Halyq Uni

Елімізде енді несие алу қиындайды. Банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін азаматтарға несие беру талаптары қатаңдатылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов «24KZ» телеарнасындағы «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, елімізде борышкерлерге қатысты тұтас ақпараттық жүйе құрылады.

Бұған дейін заңға енгізілген бірқатар түзетуді Мәжіліс депутаттары мақұлдаған еді. Енді 90 күн бойы қарызын өтемей жүрген азаматтарға несие берілмейді. Ал өтелмеген несие бойынша өсімпұл алуға тыйым салынады.

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы оның барлық несиесі туралы ақпарат жиналады. Яғни, ипотекасы, автокөлік алған несиесі, тұтынушылық несие мен ақшалай қарыздары туралы барлық мәлімет өңделеді.

Осы ретте тұтас ақпараттық жүйе құрылады. Осы арқылы біз азаматтарымыздың сансыз несие алып, қарызға белшесінен батуына жол бермейміз», – деді Ұлттық банк төрағасы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ