Ажар Ғиният МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тыйым салуға қатысты түсінік берді

0
327
Фото: astana-akshamy.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тыйым салу тек ұсыныс ретінде қарастырылып жатқанын және бұл бастама қабылданбауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Айта кетейік, бұған дейін сақтандырылмаған адамдарға денсаулық және осы салаға қатысты мемлекеттік қызметтерді алу кезінде тиісті шектеу енгізу ұсынылды. Мәселен, көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және басқа да бағыттарда осындай шектеулерді қарастырылмақ.

Бүгін Парламент Мәжілісінде денсаулық сақтау тақырыбына арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрден МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған адамдарға көлік жүргізуге, қару-жарақ сақтауға және басқа да бағыттарда осындай шектеулер енгізу ұсынысы жайында сұрады.

«Бұл ұсынысты қай министрлік жасап отыр?», — деп сұрады тілшілер.

Өз кезегінде А. Ғиният Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар елдің тәжірибесін зерттеп, осы ұсынысты жасағанын айтты.

«Атап айтқанда, бұл тек ұсыныс. Оны заң жүзінде қабылдаған жоқпыз. Қазір түрлі бастама пысықталып жатыр және ұсынылған шектеулер қабылданбауы да мүмкін. Жалпы, 5 жыл бойы медициналық сақтандыруға қатысты заң талаптары орындалмай келеді. 3 млн адам медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр. Осының салдарынан адамдар медициналық көмекті тиісті деңгейде алмай жатыр», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазір медициналық қызметке жүгінуге мәжбүр 3 млн-нан астам адам сақтандыру жүйесінен тыс қалған.

Ауылдардағы 1,5 млн адамды медициналық сақтандыру бюджет есебінен болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз