Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Азия ойындарында қазақстандықтар екі спорт түрінде чемпион атанды

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Бахрейнде өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алып, жалпы саны 35 медальға жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ерлер арасындағы жағажай волейболы жарысында қазақстандық жұп Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш финалда Таиланд командасын 2:0 (21:15, 23:21) есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Жеңіл атлетикада Максим Сажнев диск лақтыру бойынша 63,23 метр нәтижемен жеңіске жетіп, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде: 9 алтын, 8 күміс және 18 қола медаль, барлығы 35 жүлде бар.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

«Даналық мектебі» клубы отбасы мен мектеп серіктестігін нығайтуда

Қазақстанда бочча қарқынды дамуда