Азық-түлік бағасын бақылауға арналған платформа іске қосылады
«Мемлекет басшының тапсырмасы аясында Үкімет жыл аяғына дейін отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін ірі сауда желілеріне жеткізуді қолдауға бағытталған заңнамалық бастамаларды ұсынбақ. Мысалы, сөрелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, үстемеақы шегін реттеу және делдалдар санын азайту шаралары пысықталады», деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Сондай-ақ министр Qdate аналитикалық платформасының не үшін құрылып жатқанын түсіндірді.
«Ол ішкі сауданың жай-күйіне, инфрақұрылым жүктемесіне, импорт-экспорт динамикасына, тауарлар мен қызметтер бағасының өзгеруіне талдау мен мониторинг жасап, мемлекеттік органдарға сапалы аналитика ұсынады. Бұл талдаулардың бәрі ашық жарияланады. Соның арқасында бизнесте әділ бәсеке қалыптасып, тұтынушыларға сапалы өнімді қолжетімді бағамен алу мүмкіндігі туады», деді Бақыт Сұлтанов.