Бұл – Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі тәулік бойғы алғашқы сервис

Астана халықаралық әуежайында Taxi Point таксиге тапсырыс берудің жаңа жүйесі іске қосылды.
Жүйе елорда қонақтарының ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін жасалған.
Бұл – Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі тәулік бойғы алғашқы сервис. Ол ұшып келгеннен кейін бірден белгіленген тариф бойынша таксиге тез және қауіпсіз тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Жобаны Астана әкімдігінің Astana Tourism туризмді дамыту орталығы жеке инвесторлармен бірлесіп іске асырды.
«Біз қалалық туризмді дамытумен, туристерді тартумен және елорданың инфрақұрылымын жақсартумен айналысамыз. Қазіргі уақытта әуежай басшылығының қолдауымен біз туристерге делдалсыз – қауіпсіз және белгіленген бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік беретін жобаны іске қостық», – деді «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының басқарма төрағасы Артем Квашук.
Әуежайдың келу аймағында терминалдар орнатылған, олар арқылы жылдам рәсімдеуге болады. Маршрутты таңдап, банк картасымен төлеп, такси туралы барлық ақпаратты алу мүмкіндігі қарастырылған: келу уақыты, маркасы, түсі мен көлік нөмірі, сондай-ақ жүргізушінің байланыс нөмірлері.
Taxi point сервисі жеті тілде жұмыс істейді: қазақ, орыс, ағылшын, қытай, испан, француз және түрік.