Бұл форум ауқымды жобаның аяқталуындағы маңызды кезең болды

0
18

Елордалық «Мама ПРО» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жүздеген әйелге бизнесте алға ұмтылуына көмектесті. Астанада осындай қайсар аналардың қатысуымен арнайы форум өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қор Астана әкімдігінің қолдауымен құрылды. Жоба кәсіпкерлік жолын бастаған, бірақ қиындықтарға тап болып, ерекше баласы бар аналарға көмектесуге бағытталған. Ұйым бұл әйелдерге қысқа мерзімді курстарды ғана емес, сонымен қатар тереңдетілген оқыту бағдарламаларын, сондай-ақ бизнес жобаларын одан әрі дамыту үшін тәлімгерлік және коучинг сессияларын ұсына отырып, қолдау көрсетті.

Тренинг 12 айға созылып, жеке бизнес-жобаларын бастаған түлектер қаржылық және маркетингтік жоспарлауды, бизнес үшін ЖИ-ді жүзеге асыру жолдарын үйренді, сонымен қатар 3 жыл бойы стратегиялық жоспарлауды құрастыруды үйренді.

Жоба барысында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және қазірдің өзінде өз кәсібін дөңгелетіп жатқан 100-ден астам әйел оқытылды. Масштабтау, тапсырмалар беру және бизнес-процестерді оңтайландыру қажеттілігіне тап болған кәсіпкерлер оқу кезеңінде туындаған қиындықтарды жеңіп, өз бизнесін жаңа деңгейге көтере алды.

Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, 2018 жылдан бері 143 курс өткізіліп, осы уақыт аралығында 3500-ден астам әйел осы ҮЕҰ-ның түрлі білім беру бағдарламаларына қатысып, білім алған.

Ерекше балалар үшін қор сиплинг-дәрістер өткізеді, оған олардың ағалары мен әпкелері де шақырылады.

«Бұл форум ауқымды жобаның аяқталуындағы маңызды кезең болды. Қала әкімдігінің қолдауының арқасында көптеген әйел жұмыс тауып, «Еңбек мобильділігі орталығы» арқылы жұмысқа орналасты. Біздің қызметкерлер арасында оқуын тәмамдап, командамызда жұмыс істеу үшін қалған аналар бар, бұл бізді қатты қуантады», – деді қордың құрылтайшысы Әсия Тикеева.

Қордың білім беру жобаларына қатысушылардың бірі – Лейла Бехбудова. Ол балаларға арналған ойыншықтар тоқиды.

«Мен өз жұмысымнан үлкен ләззат аламын. Ана ретінде мен үшін ең бастысы – ойыншықтардың қауіпсіз болуы. Мен оларды мақта жіптен жасаймын, ал ішін толтыру үшін холофибрді қолданамын. Тоқыған кезде бірден мықтап бекітуге тырысамын, сонда ештеңе кетпейді», – дейді Лейла Бехбудова.

Оқыту курстары басқа өңірлердің тұрғындары үшін де қолжетімді: «Мама ПРО» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қорының өкілдігі Астанада ғана емес, Алматы, Шымкент, Қостанай және Өскемен қалаларында да жұмыс істейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ