БҚО-да кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеунік жауапқа тартылды

0
134
Фото: gov.kz
Антикор кәсіпкерлердің құқығын қорғады

БҚО-да кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ шенеунігінің заңсыз әрекеттеріне қатысты жүгінді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлерге кедергі келтірген шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан кәсіпкерлерге ақпараттық таблоны сауда үй-жайының сыртына орналастыру жөнінде негізсіз талаптар қойылғаны анықталды. Аталған таблоны кәсіпкерлер сауда үй-жайының сыртына орнатқан. Оны орнату сыртқы (көрнекі) жарнама үшін салық төлемдерін кейін төлеуді көздейді. Бұл ретте сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер жөніндегі қағидаларға сәйкес, талаптар сауда үй-жайының ішкі рәсімделуіне ғана қолданылады, – делінген хабарламада.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен анықталған кемшіліктер жойылып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ