БҚО-да Жайық өзені бойында ұзындығы 40 шақырымнан асатын бөгеттер тұрғызылып жатыр

0
201
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

 — Батыс Қазақстан облысында су тасқынының қаупі сейілмей тұр.

Батыс Қазақстан облысы
Фото: Ғайсағали Сейтақ

БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша, қазіргі таңда қауіп төніп тұрған облыс орталығы және Жайық өзені бойында орналасқан Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 90-ға жуық елді мекенінде су тасқынынан қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы
Фото: Ғайсағали Сейтақ

«Күні бүгін ұзындығы 43 километрдей болатын биіктігі 1-2,5 метр бөгеттер тұрғызылуда. Аталған жұмыстарға 250-ден астам техника мен 2,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасуда», — деді Қ.Айтмұхамбетов.

Батыс Қазақстан облысы
Фото: Ғайсағали Сейтақ

«Қазгидромет» РМК БҚО филалының 11 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында тәулігіне 10 сантиметрге жоғарылады. Сөйтіп 728 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті. Сондай-ақ Январцев гидробекетінде 787 (+15, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 688 (+13, 850 см) және Тайпақта 410 (+20, 850 см) сантиметрге жетті.

Батыс Қазақстан облысы
Фото: Ғайсағали Сейтақ

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 700-ден астам саяжай үйлерін су басқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда мамандар сібір жарасы көмінділерін тексерді.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • JOLTAP: астаналықтар графикалық дизайнды меңгеріп, одан табыс таба бастайды