Барлық бағыттар бойынша күш-жігерді жандандыру маңызды

0
16

Жұмыс сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Олжас» шаруа қожалығында көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.

Биылғы егіс науқаны аясында жалпы 2 600 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары өңделеді, оның ішінде 600 гектары – суармалы жерлер. Негізгі бағыттар – күздік дақылдар, майлы дақылдар және жүгері. Шаруашылықта биыл 60 гектарға егілген жоңышқаның алғашқы орымы басталып кеткен.

Сала өкілдерімен кездесу барысында министр егіс жұмыстарының сапалы жүргізілуі алдағы өнім көлеміне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер ететінін атап өтті.

Министрдің айтуынша, 2025 жылы Қазақстан бойынша жалпы егіс алаңы 23,7 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға көп. Алматы облысы бойынша 436,8 мың гектарға егін егу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығын әртараптандыру жалғасуда: шамамен 1 млн гектар жер жоғары рентабельді дақылдарға бөлінген, оның ішінде майлы дақылдар 3,3 млн гектарды алып жатыр. Жем-шөптік дақылдардың көлемі 127 мың гектарға ұлғайып, 3,3 млн гектарға жетеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдетілген несиелеу көлемі рекордтық 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта 491,5 млрд теңгеге 7 000-нан астам өтінім қабылданып, 440 млрд теңгеге өтінімдер қаржыландырылды.

Алматы облысы бойынша 12,6 млрд теңгеге 302 өтінім түсті, оның ішінде 174 өтінім мақұлданды. Облыста ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке алу бойынша өтінімдердің көлемі әлі де төмен — 2,9 млрд теңгеге 142 өтінім ғана берілген. Бұл көрсеткіштер шаруалар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпараттандыру қажеттігін көрсетеді. Барлық бағыттар бойынша күш-жігерді жандандыру маңызды, бұл аграрлық сектордың дамуын жеделдетуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Айдарбек Сапаров.

Министрдің мәліметінше, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арналған тиімді жеңілдетілген несиелеу тетігі енді мал шаруашылығына да қолданылатын болады. Бірінші кезеңде ірі және ұсақ мал бордақылау алаңдары мен құс фабрикаларын қолдауға 50 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ селекциялық-асылдандыру жұмысын субсидиялау жүйесі қайта қаралып, қолдау көрсету мен жеңілдетілген несие беру тетіктері жеңілдетілген форматқа көшіріледі.

Кездесу барысында «Кең дала» бағдарламасының шарттарынан бастап техника лизингі, бордақылау алаңдарын қаржыландыру, ара шаруашылығы мен аквамәдениетті қолдау мәселелеріне дейінгі кең ауқымды сұрақтар талқыланды. Барлық көтерілген мәселелер бойынша нақты түсініктемелер берілді. Түскен бірқатар ұсыныстар жұмысқа қабылданатын болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Жазда 200-ге жуық адам суға батып кеткен


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213