Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғам

Қасқыр сарқырамасы туристер көп баратын орындардың бірі

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы Қасқыр сарқырамасы туристер көп баратын орындардың біріне айналып келеді. Жыл басынан бері табиғи нысанға 16,6 мың адам келген.

Мамыр айында «Visit Aktobe» ұйымымен бірлесіп «Сарқырама фест» фестивалі өткізілді. Оған 7 мың адам қатысқан.

Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында сарқырамаға баратын 5 шақырымдық автомобиль жолының құрылысы басталды. Сонымен қатар 20 орындық екі қабатты қонақүй салу жоспарланған.

Аталған аумақта экотуризм мен балық шаруашылығын дамыту бағытында «Байқұла» шаруа қожалығымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Унербаев Өңірлік коммуникациялық қызметі алаңында мәлімдеді.

Сәйкес жаңалықтар

Елордада спорт мектептерінің алғашқы жәрмеңкесі өтті

Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды