Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді, Содан кейін олар дипломатиялық миссияның жаңа ғимаратын аралап көрді.
Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды.
Екі елдің көшбасшылары Елшілік аумағына ағаш көшетін екті.
