Бокс: Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы алтынын жеңіп алды
– Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медаліне қол жеткізді.
54 келіде өнер көрсететін Аяжан Сыдық финалда үндістандық Таманнаны төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Ал оған дейін 52 келі салмақта Бағжан Отынбай турнирдің күміс жүлдегері атанған еді.
Бүгін, Астанада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. Жастар арасындағы турнирге қатысушылар алтын медальдарды сарапқа салады. Жарыстың финалында Қазақстан намысын он бес боксшы қорғайды (алтауы ер, тоғызы әйел).
Бүгінгі шаршы алаңға шығатын боксшылар жұбы:
60 кг (ерлер) Алексей Хаванцев (Қазақстан) – Сагар Джахар (Үндістан)
57 кг (әйелдер) Аяжан Ермек (Қазақстан) – Феруза Шарипова (Өзбекстан)
60 кг (әйелдер) Толғанай Касымхан (Қазақстан) – Никита Чанд (Үндістан)
67 кг (ерлер) Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Мухаммадазизбек Исмоилов (Өзбекстан)
71 кг (ерлер) Өнер Сеилхан (Қазақстан) – Прияншу (Үндістан)
66 кг (әйелдер) Ұлдана Таубай (Қазақстан) – Дина Сантыбек (Қытай)
75 кг (ерлер) Санжарәлі Бегалиев (Қазақстан) – Рахул Кунду (Үндістан)
70 кг (әйелдер) Мария Сидоренко (Қазақстан) – Алимире Абудурейиму (Қытай)
80 кг (ерлер) Мадияр Бексұлтанов (Қазақстан) – Мухаммадазиз Закиров (Қырғызстан)
75 кг (әйелдер) Шұғыла Налібай (Қазақстан) – Рудрика (Үндістан)
86 кг (ерлер) Иманғали Нұрпеис (Қазақстан) – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
81 кг (әйелдер) Аружан Зейноллаева (Қазақстан) – Хуши Пуния (Үндістан)
81+ кг (әйелдер) Панар Сейтханкызы (Қазақстан) – Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан).