Болат Назарбаев өмірден озды

0
94
Фото: janaqaz.kz

Болат Назарбаев өмірден озды, деп хабарлайды Kazinform.

Қаралы хабарды Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасы растады.

«2023 жылдың 13 қарашасында сағат 09.51-де Болат Назарбаев қайтыс болды»,- деп хабарлады Президент Іс басқармасы Орталық ауруханасының баспасөз қызметінен.

Сондай -ақ ақпаратты Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі өз парақшасында растады.

«71 жасқа қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды»,- деп жазды ол.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған.

1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған.

1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары.

1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан.

«Инкар Агро» ЖШС-ның вице-президенті, BN Invest холдингінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар, «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

Бұған дейін Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені және оның жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылған болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады