Былтыр 100 шақты әйел жасы елуден асқанда сәбилі болған

0
212
Фото: Sarah Chai/Pexels

 — Қазақстанда дүниеге бала әкелетін ананың орташа жасы — 29,7. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды.

Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі — 29%, 30-34 жас аралығындағыларда — 26%.

20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге әкелген.

Бұл ретте ананың орташа жасы 2023 жылы 29,7 жасты құрады.

Дүниеге келгендердің 23% — отбасында екінші бала.

Отбасында сегізінші бала болғандардың саны 1 мыңнан астам.

Егіз саны — 4 075.

Үшем — 48 (2022 жылы — 50), төртем — 1.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ