Cалық мөлшерлемесін де қайта қараған жөн

0
72
Фото: Aqorda

Жаңа салық кодексі қазіргі жүйені қайта жаңғыртуға арналған. Бұл құжат салықтық әкімшілендіру ісінің салық төлеушілерге деген сенімге негізделген мүлде жаңа жүйесін қалыптастыруға тиіс. Кодекстің ережелерін әркім әрқалай қабылдамауы үшін оны жеңілдетіп, экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтың бәріне бірдей түсінікті ету өте маңызды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында айтты, деп хабарлайды zamandas.kz

Мемлекет басшысының сөзінше, кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайдың нашарлап кетпеуін ескере отырып, салық режимдерін оңтайландырған жөн.

Бөлшек салықтың енгізілуін мысал ретінде айтуға болады. Осы нормаға сенім артқан кәсіпкерлер қызметін ашық жүргізе бастады, кәсіптерін бөлшектеуді азайтты. Алайда бұл режим негізінен халықпен тікелей жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатысты болуға тиіс, – деді президент.

Оның сөзінше, тұтынушыларға арналған қызметтер мен сауда-саттықтың мүмкіндіктері толық пайдаланылса, экономиканы дамыту, салық түсімдерін арттыру және халықты жұмыспен қамту шаралары тезірек нәтиже береді.

Сондай-ақ, фискалды реформа табысты болу үшін салықтық әкімшілендіру ісін жаппай цифрландыру керек екеніне тоқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша азайтып, салық саласындағы үдерістердің ашық болуын қамтамасыз ету үшін оны тезірек электронды форматқа көшірген абзал. Бүкіл салық саясатын жиі өзгеріп жатқан фискалды ахуалға бейімдеу керек, соның ішінде салық мөлшерлемесін де қайта қараған жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемесін белгілеу қажеттілігі жайында айтып, салықтық әкімшілендіру кезінде жазалау тәсілінен бас тарту қажеттілігіне тоқталды.

Мәжбүрлеп өндіріп алуды қолданбай, хабарламалар жіберілетін салық берешегінің шегін ұлғайту мүмкін деп санаймын. Салық берешегінің шегі жоғарылаған жағдайда шектеулер тек берешек шегінде ғана қойылуы керек, яғни бүкіл банктік шот бұғатталмайды. Ірі салық берешегі болған жағдайда, кепілсіз қамтамасыз етуді төлеу бойынша бөліп төлеу мүмкіндігін ұсыну керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа Салық кодексінің жобасын қарау аясында Үкіметте, Парламентте жан-жақты пікірталас өткізуді тапсырып, күрделі болса да шешім жолын табуды жүктеді. Себебі, бұл мәселеде асығыстық танытпау керек. Сондықтан, бұл заңды сапалы деңгейде дайындау үшін жаңа кодексті келесі жылға ауыстыруға болатынын айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • ПАТРИОТТЫҚТЫ ТӘРБИЕ – ЕЛЖАНДЫЛЫҚ БЕЛГІСІ