Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

ӘЧ: Джалоловтан жеңілген Қоңқабаев жарыстан шығып қалды

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ташкенттегі әлем чемпионатын осы жерден тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz.

92 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз өзбекстандық Баходир Джалоловпен қолғап түйістіріп, нәтижесінде 5:0 есебімен өзбек боксшысы жеңіске жетті.

Жанкүйерлер екі боксшы арасындағы жекпе-жекті асыға күткен болатын. Әлем чемпионаты басталар алдында да олардың кездесуі жөнінде пікір айтқандар аз емес.

Бұған дейін қос боксшы жеті рет жұдырықтасқан болса, бүгінгісі – 8 жекпе-жек.

Сәйкес жаңалықтар

Будапешт қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталады

Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды

Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды