COVID-19 қайта келді

0
273

Коронавирусты жеңу әзірге мүмкін болмай отыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры індетке қарсы іс-шараларды жалғастыру қажеттігін айтты деп хабарлайды 24.kz сайты .

Соңғы айларда COVID-19 салдарынан Таяу Шығыс пен Азия елдеріндегі өлім-жітім көбейген. Әзірге коронавирустың қай түрі көп таралып жатқанын ешкім айта алмайды. Өйткені әр кезде жаңа штаммдар пайда болып жатыр. Мәселен әлемнің 11 елінде вирустың жаңа түрі анықталды.

– Қыс мезгілі жақындаған тұста әлемнің солтүстік бөлігінде коронавирустың таралу қарқыны бізді алаңдатып отыр. Таяу Шығыс пен Азияда өлім-жітім көбейді. Еуропаның бірқатар аймағындағы ауруханалардағы науқастар саны артты, – деп мәлімдеді  ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.

Модерна компаниясы COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина дайындауда. Дәрі вирустың өзгерген түріне төтеп бере алады. Ол адам ағзасындағы антиденелердің үлесін 7-8 есеге дейін арттырады. Демек, вакциналау індетпен күресте маңызды құралы болып қала береді, – дейді мамандар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ