Дәрілік заттарға баға белгілеу тетігі қайта қаралмақ
Ішкі тергеу жүйелі кемшіліктер мен тиісті бақылаудың жоқтығын анықтады, нәтижесінде министрліктің жауапты бөлімшелері мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының негізгі басшылары қызметінен босатылды. Қабылданып жатқан шаралар Қазақстан халқын қауіпсіз және сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.
«2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚР жоғары аудиторлық палатасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2022-2023 жылдардағы қызметіне аудит жүргізіп, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын, сатып алуларын, логистикасын, инспекцияларын және қауіпсіздігін бағалауды реттейтін заңнамадағы бірқатар жүйелік кемшіліктерді анықтағанын естеріңізге сала кетейік. Бұзушылықтарды жою үшін жол картасы әзірленіп, бекітілді», – делінген хабарламада.