Дау-дамайды реттеудегі медиативтік құзіреттілікті арттырған жоба

0
180

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өтіп жатқан медиация институтын дәріптеу және дауларды шешу бойынша іс-шаралар кешенін өткізуге бағытталған жоба өз жалғасын тапты. Осы жоба аясында мегаполисте түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Жоба жедел желі ашумен басталды. 8 701 223 00 81 нөміріне қоңырау шалу арқылы тұрғындар тегін консультациялық кеңестер ала алды. Телефон соққан адамдар журналға тіркеліп отырды. Жедел желі туралы хабарлама «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдарында, интернет-порталдарда жарық көрді.

Қаладағы әр аудандық әкімдік жанынан дауларды шешу үшін, халыққа тегін білікті медиативтік көмектер ұйымдастырылды. Оған білікті, арнайы сертификациядан өткен медиаторлар тартылып, олар тұрғындар арасындағы түрлі дау-дамайларды шешуге үлес қосты.

Сонымен бірге 8 аудандық әкімдікте жергілікті қызметкерлер үшін семинар ұйымдастырлып, оған Татуластырушы судьялар, сот мамандары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының, АХАЖ қызметкерлері, мектеп директорлары мен меңгерушілері, медициналық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, прокуратура, ІІД, саяси партиялар қоғамдық қабылдау бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Семинарды Қазақстан медиаторлар қауымдастығының бас директоры, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РБҚ президенті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының лектор-сарапшысы Жанділда Жақыпов жүргізген семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жоба қаладағы жоғары оқу орындарын да қамтыды. Медиатор Аида Заманбекова университеттер мен колледждерді аралап, студенттер мен оқытушыларға қонақ лекция ұйымдастырды.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде арнайы бейнеролик дайындалып, ол «Алматы» телеарнасында, қоғамдық көлікте, сонымен қатар әлеуметтік желілерде көрсетілді.

Жоба қорытындысы бойынша алдағы уақытта мемлекеттік органдар, соттар, бизнес, азаматтық сектор өкілдерінің басын қосып, «Қоғамдағы қақтығыстар мен жанжалдардың алдын алу және оларды медиация тәртібімен реттеу жолдары» атты конференция өтпек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ