Денсаулық сақтау министрлігі онконауқастар дәрі-дәрмекпен қамтылатынын мәлімдеді
Онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету – Денсаулық сақтау министрлігінің басты міндеті. Бұл туралы ДСМ мәлімдеді.
Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейді, оған қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.