«Әділдік жолы» жарты жылдың қорытындысын шығарды

0
89
Фото: Halyq Uni

Биылғы бірінші жартыжылдығында «Әділдік жолы» РҚБ тиісті органдарға негізінен мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманы бұзудың 400-ден астам істі анықтауға көмектескен.

Ал «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды бұзғандарға 257 хаттама толтырылып, заңбұзушылық жасағандарға жалпы көлемі 80,7 млн теңге айыппұл салынған.

Мысалы, Талдықорған қаласының ТКШ бөлімінің басшысы 490 млн теңгенің 5 шартын конкурс өткізбестен жасаған. Сол әрекеті үшін 3 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ал Қарағанды қаласында автожолды күрделі жөндеу кезінде 10 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде бір іс бойынша 2 млрд теңгеден астам тұратын мүлікті ұрламақшы болған.

Осы шаралардың нәтижесінде жарты жылда 193 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал ішкі мемлекеттік аудит органымен бірлескен жұмыс нәтижесінде республикалық бірлестік талан-таражға түскелі тұрған 370 млн теңгенің алдын алған.

Жалпы, алдын алу шараларының арқасында мемлекеттің 3,7 млрд теңгесі желінбей, орнымен жұмсалды. Сол үшін біраз конкурс пен мемлекеттік сатып алу жоспарының күші жойылды. Сондай-ақ, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер құны конкурс пен жоспар сатысында азайтылды. Бұдан басқа, тапсырыс берушілерге 121,5 млн теңге көлеміндегі заңсыз төлеген қаражаты ҚҚС түрінде қайтарылған.

Ерболат ТҰРЫМБЕТ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ