Еңбек адамын қолдау тетігі

0
172

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деген сөзінен еңбек адамның жан-жақты қамтамасыз етілуі, заңды құқықтарының қорғалуы, әлеуметтік тұрғыда қолдау қажеттігі айтылды деп есептейміз. Осыған орай Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ Басқарушы директоры Марат Жаныбеков мырзадан жұмысшыларды қосымша әлеуметтік қолдау тетіктері туралы сұрап білген едік.

– Марат Амангелдіұлы, Мін­­детті әлеуметтік сақтан­ды­­ру жүйесі еңбек адамын Мемлекеттік әлеу­мет­тік сақ­тан­дыру қорынан қо­сымша әлеу­меттік қолдауды қам­та­ма­сыз етеді. Бұл төлемдер қан­дай қа­ражат есебінен бө­лі­неді?

– Елімізде міндетті әлеу­меттік сақ­тан­дыру 2005 жылдан бастап әртүрлі әлеуметтік жағдайлар туындаған кезде еңбек азаматтарын әлеуметтік қол­дау­дың қосымша тетігі ре­тінде енгізілді. Міндетті әлеу­мет­тік сақ­т­андыру жүйесі­нің қар­жы­лық ресурстары жұмыс беру­ші­лердің жұмыскерлер үшін, сон­дай-ақ жеке кәсіпкерлер мен арнайы тә­жіри­бе­мен айналысатын адамдарға кемінде бір және жеті еселенген ең тө­мен­гі жа­ла­қы көлемінен аспайтын табыстың 3,5% мөлшерінде берілетін әлеу­меттік төлемдер есебінен қа­лып­­тастырылады. Бұл ретте әлеу­меттік төлемдер міндетті зей­нетақы жарналары сияқты жұ­мыс­кердің жалақысынан алынбайды, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.

Мін­детті әлеуметтік сақтан­дыру жү­йе­сі ынтымақ­тас­тық қағидаттарына не­гіз­делген, өйт­кені әлеуметтік төлемдер бар­­­лық еңбек азаматы үшін бе­ріледі, ал төлемдерді тек әлеу­мет­тік оқыс жағдай туын­даған адамдар ғана алады. Мін­дет­ті әлеуметтік сақтандыру жү­йе­сіне 6,8 миллионнан аса жұмыс іс­тейтін азамат қа­тысады, бір жылда оның 1,2 мил­лионға жуы­ғы әлеуметтік төлем­дер ала­ды.

– Әртүрлі санаттағы төлеу­ші­лер үшін әлеуметтік ауда­рым­­дарды төлеу тетіктері тура­лы айта кетсеңіз. Мәсе­лен, жеке еңбек шартында ай са­йын­­ғы табысы 200 мың теңге кө­ле­мінде болатын жағдайда қа­лай болады?

– Төлеуші (жұмыс беруші) Мем­ле­кеттік әлеуметтік сақ­тан­ды­ру қоры­на әлеуметтік аударымдарды ай са­йын «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­­ле­кеттік корпорациясының банк шоты ар­қылы әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, есептеу объек­ті­сі­нің 3,5%-ы есепті айдың 25-күнінен кешіктірмей тө­лей­ді.

Жұ­мыс берушінің Қорға әлеу­меттік аударымдар тө­лен­бей­тін кірістерін қос­па­ған­да, жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер тү­рін­де тө­лей­тін шығыстары жұ­мыс­кер­лер үшін әлеуметтік аударымдар есептеу объек­тісі бола­ды. Әлеуметтік аударым­дар тө­лен­бейтін кірістер санатына мін­дет­ті зейнетақы жарналары (МЗЖ) енгі­зіл­ген. Егер жұмыскердің бір айда есептелген табысы 200 000 теңге болса, онда әлеуметтік аударымдар көлемі 6 300 теңгені (200 000 теңге – 10% (МЗЖ)*3,5%) құрайды.

Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуші жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 20%-ын құрайды. БЖТ төлеу­ші­лер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық және облыстық маңызы бар қала­лар­да сәл бас­қаша, мәселен, Ас­танада ай­лық есептік көрсет­кіш­тің (АЕК) 1 еселенген көлемі және 0,5 АЕК болады. Бұл ретте БЖТ қа­зіргі және алдағы ай­лар үшін төленуі мүмкін, ал өткен кезең­дер үшін төленбейді. Төлем ме­ханизмі қарапайым – екін­ші дең­гейдегі банктердің мобильді қо­сымшалары арқылы БЖТ төленеді. Мемлекеттік кор­по­ра­цияға түскен қаржы төмен­де­гідей тәртіппен қайта бөлінеді. Яғни жеке табыс салығына (ЖТС) – 10%; МЗЖ Бірыңғай жи­­нақ­таушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) – 30%; әлеуметтік аударымдар қорға – 20%; аударымдар мен жарналар әлеуметтік ме­ди­­циналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) – 40%.

– Қарапайым еңбек адамы үшін бұл әлеуметтік төлем­дер­дің кейбір механизмі кү­р­делі екені рас. Ал маңыз­ды­рағы – әлеуметтік төлемдер мен жеке та­быс салығын азаматтар қа­лай оңтайлы реттей алады?

– 2023 жылғы 1 қаңтардан бас­тап жұмыскерлердің табысынан әлеуметтік төлемдер мен жеке табыс салығын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауды оңай­­лату мақсатында Бірыңғай тө­лем (БТ) енгізілді. Мәселен, Са­лық кодек­сі­нің 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режімдерін қолданатын шағын микрокәсіпкерлік пен шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғаға жалақы түрінде табыс төлейтін, сондай-ақ БТ фор­ма­тында жұмыскерлердің та­быс­­­тарына салық салу тәртібін таңдаған, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар БТ төлеушілер болып саналады. 2023 жылы БТ көлемі жұмыскерлер табысының 20%-ы құрайды. БЖ құрамына: жеке табыс салығы (ЖТС) – 9%; БЖЗҚ-ға МЗЖ – 50%; әлеуметтік аударымдар үшін қорға – 16%; ӘМСҚ-ға жұмыс берушінің ауда­рым­дары үшін –15%; ӘМСҚ-ға жұмыскерлердің жарналары – 10%.

– Әлеуметтік аударым­дар­дың ең тө­менгі және ең жоғар­ғы көлемі белгі­лен­ген бе?

– Бір төлеушіден әлеуметтік ауда­рымдар есептеудің ай са­йын­ғы объектісі республикалық бюджет туралы заңға сәйкес қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 7 еселенген көлемінен аспауға тиіс (2023 жылы: 7 * 70 000 теңге *3,5% = 17 150 теңге). Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептеу объектісі бір ЕТЖ-ден кем болса, онда әлеуметтік аударымдар бір ЕТЖ негізге алына отырып есептеледі және төленеді (2023 жылы: 70 000 теңге *3,5% = 2 450 теңге). БТ құрамындағы ай сайын­ғы ең жоғары әлеуметтік аударымдар көлемі 7 ЕТЖ-дан 3,2%-дан аспауы тиіс (2023 жылы: 7 * 70 000 теңге *3,2% = 15 680 теңге).

– Қордан берілетін әлеу­мет­тік төлем­дер­ді есептеу әлеу­мет­тік аударымдар негі­зін­де жүргізіледі дедіңіз. Осыған орай әлеу­меттік аударымдардың түс­уін қалай бақылауға болады?

– Міндетті әлеуметтік сақ­тан­дырудың маңызды факторы – жұмысқа ресми түрде орналасу немесе қызметті тіркеу. Өйт­кені төлем көлемі қорға түс­кен әлеуметтік аударымдарға тіке­лей байланысты болады. Осы­ған орай жұмыс істейтін аза­маттарға қорға түскен әлеу­меттік аударымдардың дұ­рыс­ты­ғы мен мерзімін тұрақты түрде тексеріп отыруын ұсын­дық. Бұл ақпараттарды алу­дың әртүрлі мүмкіндігі бар. Мә­селен, egov.kz электрондық үкімет порталы, (Басты бет /Азаматтарға/ Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту / Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу / Міндетті әлеу­­мет­тік сақтандырудың әлеу­­меттік аударымдары туралы ақ­парат) Мемлекеттік кор­по­­рацияға (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) немесе Қордың филиалына жеке басын куәландыратын құжатпен жүгіну арқылы ала алады. Қоры­тын­дылай келе, қазір міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі еңбек азаматтарының әлеуметтік қорғалуын арттыруға және қо­сым­ша ынталандырулар жасауға бағытталған еліміздегі әлеуметтік қамсыздандырудың маңызды әрі тиімді тетігіне айналып келе жатқанын айтуға болады.

– Толыққанды мәліметіңіз үшін рахмет.

Әңгімелескен

Бақытбек ҚАДЫР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз