eGov mobile қосымшасында жаңа қызмет түрі іске қосылды

0
58
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Енді eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоюға болады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Енді мобильді қосымшаны пайдаланушылар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде ғана емес, смартфонды пайдаланып, eGov mobile қосымшасы арқылы қол қоя алады.

Жұмыс беруші https://hr.enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электронды еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмысшыға келісуге жолдайды. Жұмысшы шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді. Жұмысшы өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды, push-хабарлама арқылы өтеді. Жұмысшы еңбек шартымен танысады, егер шарттармен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, өзінің ЭЦҚ көмегімен қол қояды.

Жүйе http://hr.enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің Жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электронды еңбек шартына қолжетімді тәсілдердің бірімен ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды», – деп жазылған хабарламада.

Жүйе қол қойылған электронды еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеуге автоматты түрде жібереді, содан кейін шарт жасалған болып есептеледі.

Жаңа қызмет түрі іске қосылған сәттен бастап қол қойылған электронды еңбек шартының саны 775-ке жетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ