Қытай сыртқы күштердің Қазақстанның ішкі істеріне араласуына қарсы – Си Цзиньпин

0
86
Фото: © РИА Новости / Владимир Астапкович

Қытай Халық Республикасы сыртқы күштердің Қазақстанның ішкі істеріне араласуына қарсы. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ҚазАқпарат жариялаған мақаласында жазылған.

Саясатта дәстүрлі өзара қолдауды күшейту керек. «Достардың алдында әр сөзіңде тұру керек» деген Қытай даналығы бар. Біз қазақстандық достармен шынайылық пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуды жалғастырамыз, саяси өзара сенім мен стратегиялық үйлестіруді тереңдетеміз, бір-біріміздің түпкі мүддеміз бен негізгі алаңдаушылығымызға қатысты мәселелерде өзара қолдауды арттырамыз, – деді Си Цзиньпин.

Айтуынша, Қытай тарапы Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғау, дербес таңдалған даму жолын ұстану, мемлекеттің өркендеуін қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы саясатты іске асыру жөніндегі күш-жігерін үнемі қолдайды. Сондай-ақ сыртқы күштердің Қазақстанның ішкі істеріне араласуына қарсы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне көлемді сұқбат беріп, екі ел арасында жандандыру қажет 5 бағытты атады.

Мемлекет басшысының айтуынша, 32 жыл бойы табысты екіжақты ынтымақтастықтың қуатты негізін ескеріп, Қазақстан тату көршілік қатынастарды одан әрі нығайту, тәжірибе алмасуды жандандыру, практикалық өзара іс-қимылды тереңдету үшін барлық күш-жігерін салуға дайын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ