«Екі адам қаза тапқан жол апаты»: Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты тергеу аяқталып жатыр

0
10

Ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділовтің хабарлауынша, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонованың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының тергеу ісі аяқталуға таяды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазіргі уақытта соңғы кешенді автотехникалық сараптама нәтижесі күтіліп отыр.

ІІМ орынбасары журналистерге берген түсініктемесінде іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша тергеліп жатқанын атап өтті.

“Тергеудің негізгі әрекеттері дерлік аяқталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес айып тағу немесе істі сотқа жолдау жөнінде шешім қабылданады”, — деді Санжар Адилов.

Аталған бап бойынша айыпталушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады және кейбір қызмет түрлерін атқару құқығынан айырылуы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ