Экономика министрі мереке күндері азық-түлік бағасын қадағалауды ұсынды

0
63

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шараны жүргізуге кеңес берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Мереке күндері азық-түлік тауарларының, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Авариялық жағдайларды болдырмау үшін жылу электр орталықтары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен жөн», – деді Ә. Қуантыров Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, ведомство басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуі керектігін атап өтті.

«Биылғы жылға анықталған инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау, жаңа инвесторларды тарту және сүйемелдеу жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Экспорттаушыларды қолдау шараларын іске асыру арқылы отандық өнім экспортын белсенді ілгерілету жөніндегі шараларды іске асыру керек», – деді Әлібек Қуантыров.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Астанада шомылу маусымы қашан басталады?