Елдегі су тасқынында 64 мыңға жуық адам эвакуацияланған

0
172
фото: Halyq Uni

ТЖМ ТЖ жою департаментінің басшысы Қаһарман Оразалин ОКҚ-да өткен брифингте су тасқынына байланысты Қазақстан өңірлерінен тұрғындарды эвакуациялау бойынша жаңа деректерді жариялады.

Оның айтуынша, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке үй, 1 059 саяжай және 79 үй су астында қалған.

Қазір 63 927 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Оның 45-і – мүмкіндігі шектеулі жандар, 15 283-і – бала, – деді Қаһарман Оразалин.

Орналастыру пункттерінде 13 328 адам, оның ішінде 6 742 бала бар. Спикер олардың бәрімен психологтардың жұмыс істейтінін, барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ