Елімізде 23 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

0
10

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасуда.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 19,5 млн тонна шөп (жоспардың 79,6%-ы), 1,5 млн тонна пішендеме (89,2%), 620,8 мың тонна құрамажем (11,1%), 1,28 млн тонна сабан (27,6%), 367,1 мың тонна сүрлем (18,1%) дайындалды.

Белсенді жұмыс Қостанай (98,0%), Ақмола (96,5%), Солтүстік Қазақстан (106,7%), Павлодар (91,1%) облыстарында, Жетісу облысында (91,0%), сондай-ақ Шымкент қаласында 100% жоспар орындалғаны байқалады.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ