Елордада кеңесуші институттарды дамыту перспективалары талқыланды

0
15

Астанада конституциялық реформа аясында кеңесуші институттарды дамыту перспективаларына арналған «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті.

Жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, академиялық қауымдастық өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қатысты.

Қатысушылар Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерген бастамаларды талқылады. Сарапшылар кеңесуші демократияның қазақстандық моделін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Кеңесуші институттар қоғамның шешім қабылдау үдерістеріне қатысуы мен қоғамдық диалогты нығайтатын маңызды тетік ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ кеңесуші үдерістерді цифрландыруға, оның ішінде қоғамдық сұраныстарды талдау үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану мәселесіне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша сараптамалық клубтың алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ