Елордада Жолдасбек Дуанабай атындағы бильярд турнирі мәресіне жетті

0
188

Астана қаласындағы Zodiak бильярд клубында зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті.

Аталмыш іс-шараны Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне ұйымдастырды.

Елордада Жолдасбек Дуанабай атындағы бильярд турнирі мәресіне жетті

Турнирде ҚР Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы төрешілік етті.

Жарыста жалпы саны 48 адам бақ сынады. Ойын қорытындысы бойынша 55 жастан асқандар санатында:

І орын (100 мың теңге) – ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ғалым Қайрат Сақ;

ІІ орын (70 мың теңге) – журналист Әлімжан Сабыржанұлы;

ІІІ орын (50 мың теңге) – жазушы, ардагер журналист Несіп Жүнісбайұлына бұйырды.

Елордада Жолдасбек Дуанабай атындағы бильярд турнирі мәресіне жетті

Ал 55 жасқа дейінгілер санатында:

І орын (100 мың теңге) – журналист Нұрділдә Ораз;

ІІ орын (70 мың теңге) – ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым;

ІІІ орын (50 мың теңге) – «Хабар» агенттігінің журналисі Ахметәлі Саққа бұйырды.

Жолдасбек Дуанабай атындағы арнайы сыйлық Сенат депутаты Нұртөре Жүсіпке табысталды. «Шебер ойыншы» номинациясын Шархан Қазығұл еншілесе, Қайнар Олжай мен Серік Жанболат сайыстың үздік ойыншылары атанды. Сондай-ақ турнирге қатысқан Ербол Ерденбек пен Ермұхамед Мәулен турнирдің сұрмергені атанды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ