Елордалық пара спортшы Франциядағы беделді турнирде күміс медаль жеңіп алды

0
41

Францияда аутизммен ауыратын спортшылар арасында веложарыс өтті. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық велошабандоз қатысты. Virtus Cycling Open Time Trial аясында Para cycling бойынша 16 пара атлет қатысты, олардың арасында астаналық Дастан Ордабай болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық Дастан Ордабай Франциядағы турнирде Қазақстан атынан өнер көрсетті. Ол 17,3 км қашықтықтағы жеке уақыт жарысында (Time trial) іі-3 санатына (аутизм спектрінің бұзылуы) қатысты.

“Дастан үшін бұл 2024 жылғы екінші жарыс. Пара спортшымыз құрама командамыздың көшбасшысы болып саналады және жақсы нәтиже көрсетуді жалғастыруда. Алда 2025 жылы Австралияда титулды қорғау күтіп тұр, командамен бірге дайындықты ары қарай да жалғастырамыз”, – деді Астана қаласының “Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы” РҚБ президенті Дина Темірғалиева.

Жарыс Францияның спорт министрлігінің қолдауымен өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ