Енді орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады

0
68
Фото: Halyq Uni

Енді орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, – делінген ақпаратта.

Құжатты цифрлық нұсқада алу үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек. Кәмелетке толмаған балалардың құжаттарын ата-анасы немесе заңды өкілі «Менің балаларым» бөлімі арқылы алады.

Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-код арқылы беріле бастаған еді.

Айта кетейік, елімізде 2023-2024 оқу жылын 820 703 оқушы тәмамдады. Оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасты. Биыл 34 аптаға созылған оқу жылы 25 мамырда аяқталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ