Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

0
9

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды zamandas.kz

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі

  • Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988 жж)
  • Мамандығы – тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің оқытушысы
  • КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (1991-1993 жж)
  • Мамандығы – халықаралық қатынастар және сыртқы саясат, дипломат

Еңбек жолы

  • Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің құпия құжаттарды басқару жөніндегі аға инспекторы (08.1988-09.1988 жж)
  • Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (09.1988-10.1989 жж)
  • Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (11.1989-06.1990 жж)
  • Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (06.1990-09.1991 жж)
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы (05.1993-08.1993 жж)
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы (08.1993-12.1993 жж)
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасы бөлімінің меңгерушісі (12.1993-06.1994 жж)
  • Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының халықаралық бөлімінің кеңесшісі (06.1994-01.1996 жж)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы (01.1996-04.1996 жж)
  • Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Берн қаласы (04.1996-08.1997 жж)
  • Алматы қаласындағы көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімі бастығы (08.1997-10.1997 жж)
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі (10.1997-11.1999 жж)
  • «Нұрсұлтан Назарбаев Білім қоры» қоғамдық қорының коммерциялық және жалпы мәселелер жөніндегі директор орынбасары (01.2000-05.2000 жж)
  • «Нұрсұлтан Назарбаев Білім қоры» қоғамдық қорының бірінші директор орынбасары (05.2000-10.2000 жж)
  • «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің жетекшісі (10.2000-01.2001 жж)
  • «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (01.2001-06.2001 жж)
  • «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компаниясының аппарат жетекшісі (06.2001-03.2002 жж)
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (03.2002-01.2003 жж)
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бірінші вице-президентінің кеңесшісі (01.2003-03.2003 жж)
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (03.2003-12.2003 жж)
  • «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры (12.2003-05.2004 жж)
  • «Отан» республикалық саяси партиясы орталық аппаратының бірінші жетекшісінің орынбасары (05.2004-08.2004 жж)
  • «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президентінің аппарат жетекшісі (08.2004-04.2005 жж)
  • «Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер ұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің бірінші атқарушы директоры (04.2005-05.2006 жж)
  • «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппаратының жетекшісі (05.2006-02.2007 жж)
  • «Бүркіт» қаржы-өнеркәсіп тобы» ЖШС директоры, Астана қаласы (02.2007-07.2007 жж)
  • Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығы «KazEnergy» атқарушы директоры, Астана қаласы (11.2007-04.2008 жж)
  • «Рауан Медиа Групп» АҚ бас продюсері, Астана қаласы (04.2008-05.2008 жж)
  • «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директоры, Астана қаласы (05.2008-02.2009 жж)
  • «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы, Семей қаласы (02.2009-07.2010 жж)
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы (07.2010-09.2010 жж)
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2010-10.2012 жж)
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (10.2012-12.2014 жж)
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі (12.2014-10.2016 жж)
  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-05.2018 жж)
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018-01.2019 жж)
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019-01.2020 жж)
  • Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020-16.06.2023 жж)
  • Шығыс Қазақстан облысының әкімі (16.06.2023-14.02.2025)
  • Премьер-Министрдің орынбасары (14.02.2025-26.09.2025)

Марапаттары

  • «Құрмет» ордені (12.2018 ж)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ