Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Есіл өзеніне 250 мың балық шабағы жіберілді

Астана қаласының Орталық саябағы маңында Есіл өзеніне Зеренді балық питомнигінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс аясында өсірілген 250 мың балық шабағы жіберілді.

Балық жіберуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми ұйымның, С.Сейфуллин атындағы ҚазҰАТУ студенттерінің және Астана тұрғындарының өкілдері қатысты.

Табиғи су қоймаларындағы балық ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану мақсатында, сондай-ақ Астана тұрғындарының демалуына рекреациялық жағдайлар жасау мақсатында жыл сайын балық жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Айта кететін жайт, балық шаруашылығы кәсіпорындары қазан айының соңына дейін Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Есіл бассейндерінің су қоймаларына тағы 15 млн балық шабағын жіберуді жоспарлап отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Бастапқы сатыдағы үдеріске басымдық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ САДАҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды