Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Франция президентіне белгісіз біреу жұмыртқа лақтырды

Франция президенті Эммануэль Макрон тұрғындармен кездесу кезінде зейнетақы реформасына қатысты наразылыққа тап болды. Белгісіз біреу мемлекет басшысына тауық жұмыртқасын лақтырды.

Келеңсіз жағдай Францияның Эльзас қаласында орын алған. Күзетшілер президентті жабуға тырысқан, алайда жұмыртқа француз көшбасшысының маңдайына дәл тиген.

Айта кетейік Макрон мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2021 жылдың қыркүйегінде Лиондағы халықаралық тамақтандыру және қонақжайлылық жәрмеңкесі аясында Макрон көрмені аралап бара жатқанда оған жұмыртқа лақтырған. Ол президенттің иығына тиген еді. Қауіпсіздік қызметі шабуылдаушыны дереу қолға түсірген болатын.

(Фото: Egemen.kz сайтынан алынды)

Сәйкес жаңалықтар

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми мұрасы мен отандық ғылымға сіңірген еңбегі – ұлттың рухани қазынасы

zamandas69@mail.ru

Қазақстан мен Қытай мәдени-гуманитарлық ынтымағы нығайуда

Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда