Автокөлік нарығы: Дағдарыстан шығуға талпыныс

0
126

Өткен жылы еліміздің автокөлік нарығы елеулі ауыртпалықтарға кезікті. Саланың жалпы өсуінің өзінде ел тұрғындары үшін жаңа көлік сатып алу қиынға соқты. Премиум санатындағы ғана емес, үнемді, қолжетімді көліктердің өзін айлап күтуге тура келді. Дегенмен қазір автосалондарда танымал брендтердің жаңа көліктері көбейе бастағанын аңғаруға болады.

Карантиннің кесірінен онсыз да бұзылған логистикалық жет­кі­зу тізбегі әрі қарай күрделене түсіп, жартылай өткізу түріндегі дағ­да­рыс бүкіл әлемге біршама әсер етті. Оның үстіне Украинадағы ушық­қан жағдай Қазақстандағы ең ірі «СарыарқаАвтөнеркәсіп» пен «Hyundai Trans Kazakhstan» зауыт­та­рына автокөлік бөлшектерін жет­кізу тізбегін қиындатып жібер­ді. Тиісінше, Ресейден келетін жаңа автокөліктердің ағыны ай­тар­­лықтай төмендеді. Өйткені көр­­ші елдің әскери агрессиясы нәти­жесінде салынған санкциялар мен ірі брендтердің елден кетуі ресей­лік автокөлік өнеркәсібіне ауыр соқ­қы болып тиді.

Былтырғы наурыз айының ба­сында бірқатар ірі шетелдік авто­­­өн­д­іру­ші Ресейдегі қызметін уа­қыт­ша тоқтататынын хабарлады. Ком­паниялар ресейлік зауыттарда автомобиль шығаруды, сонымен бірге ресейлік дилерлерге жаңа автокөліктерді жеткізуді до­ғарды. Мәселен, Volkswagen 3 нау­рыздан бастап екі зауытта да көлік шығаруды тоқтатты, Renault 28 ақпан­нан бастап жұмысын тәмам­дап, кейін өз үлесін АвтоВАЗ-ға беріп, нарықтан кетті. Нау­рыз айының басында Санкт-Петер­бор­дағы азиялық төрт брендтің ‒ Toyota (Camry және RAV4), Nissan (Qashqai, X-Trail және Murano) және Hyundai (Solaris, Creta) және Kia Rio зауыты тоқтады. Соңғы деректер бойынша Ресей Федерациясында шектеулі режімде 20 автокөлік құрастыру зауытының 3-і ғана жұмыс істейді. Қазіргі уақытта АвтоВАЗ Lada Niva және Lada Granta модельдерін шы­ғарады. Оның өзінде ABS және қа­уіпсіздік жастықтары жоқ қара­па­йым нұсқалары ғана құрас­ты­ры­луда.

Карантиндік талаптардың кү­ше­­юі және АҚШ-пен сауда со­ғыс­­­тары жағдайында Қытайдың ав­то­­мобиль нарығы жыл сайын саты­­латын техниканың саны бо­йын­­ша әлемдік көшбасшылықты сақтап тұр. 2022 жылы Қытайда 26,6 миллион автомобиль сатылды, осылайша нарық 2021 жылғы деңгейден 3,74%- ға өсті. Өткен жылы автомокөліктердің әлем­дік сатылымы 81 млн бірлікті құра­ды. Бұл жаһандық нарықтың 2021 жылғы деңгейге қарағанда 2%-ға төмендегенін көрсетті. Қы­тай­дың әлемдік сатылымдағы үлесі 32,8%-ды құрады. Әрине, коро­на­вирустық шектеулерге бай­ла­нысты кейінге қалдырылған тұтынушылық сұраныстың және мемлекет тарапынан автокөлік нарығын қолдау бойынша жаңа шараларды іске қосудың әсері айқын байқалады.

Автокөлік өнеркәсібінің локо­мо­тиві болып саналатын Қытай көліктері былтыр Қазақстандағы ең танымал 10 брендтің қатарына енді. Үздік ондықтың ішінде Қытайдың төрт бренді: Chery, JAC, Exeed және Haval бар. Еліміздің автомобиль нарығында соңғы жылы ресми түрде ұсынылған қытайлық брендтердің саны өсуде және олардың модельдік қатары жоспарлы түрде ұлғаюда. Бұл құбылыс негізінен бұрын ресейлік автомобиль зауыттарында шығарылған еуропалық және жапондық марка­лар­дың жабдықтарын жеткізуді тоқ­­татуына байланысты туын­да­ды.­ Toyota, Volkswagen, Re­nault,­ Nissan және басқа да мар­­калардың ресейлік өндірісі аяқталғаннан кейін Қазақстанның автонарығындағы республикалық және өңірлік ойыншылар Қытайдан импорттық автомобильдерді жет­кізуді ескере отырып, брендтер портфелін қалыптастыра бас­­­тады. Қазірде Қазақстанда бір қытайлық брендтің автомобиль өндірісі оқшауландырылған. 2015 жылы JAC автомобильдерінің ірі желілік өндірісі басталды. Ал­ма­тыда былтырғы күзден бас­тап құ­рылысы жүріп жатқан автоза­­уыт­­­­­та үш қытайлық брендтің ав­то­көліктерін шығару жоспарлануда. Ағымдағы жылдың нау­рыз айында Қостанайда jetour маркалы автомобильдер өндірісі жарияланды. Осылайша, қытайлық бренд­тер Қазақстан нарығындағы өз үлесін айтарлықтай арттыра­ алды. Өткен қаңтар-наурызда қытай­­лық брендтердің сатылым­дағы­ үлесі 2022 жылдың сәйкес­ мерзіміндегі 5,9%-бен салыс­тыр­ғанда 17,7%-ға жетті. Chery,­ Exeed, Haval, JAC және Changan­ сияқты брендтер үздік ондыққа кірді, ал тағы үш бренд, Geely, Yutong және JAC Trucks ең жақсы сатылған 20 брендтердің қатарында.

Геосаяси күйзелістер жағ­да­йында отандық автокөлік на­ры­ғы­ әлемдік сатылыммен салыс­тыр­­­ғанда оң динамика көр­се­тіп, екінші жартыжылдықтан бастап өсті. Бұған автокөлік компоненттерін жеткізудің жаңа тізбегін құру, олардың импорттық бағыттарын кеңейту және жаңа жеткізушілерді іздеу ықпал етті. Елімізде жаңа көліктер өн­дірісі де айтарлықтай өсті. Мы­салы, 2022 жылғы қаңтар-желтоқ­санда барлық үлгідегі 113,9 мың автокөлік шығарылды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­­ғанда 21,8%-ға көп. Барлық өндірілген көліктердің 103,3 мыңы жеңіл автокөліктер, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28,1% өсті. Осы жылы отандық нарықта 123,5 мың жаңа көлік сатылды.

Биыл да саланың өсу үрдісі жал­­­ғасуда. 2023 жылдың қаң­тар-­ақпан айларында 19,5 мың авто­көлік шығарылды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда 36,7%-ға артық. Оның ішінде жеңіл автокөліктер 17,5 мыңды құрап, бір жылда 41,3%-ға өсті. Нәтижесінде, отандық авто­көлік нарығы былтыр дағдарысты еңсеріп, автодилерлер оң нәтиже көрсетті. 2022 жылы елдегі сатылым 123,8 мың жаңа автокөлікті құрады, бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,3%-ға артық. Қазақстан Авто­биз­нес қауымдастығы (ҚАБҚ) берген мәлімет бойынша көктемнің алғашқы айында жаңа көлік сау­да­сы қызып, жоғары деңгейін сақтады. Мысалы, 13 007 жеңіл автомобиль, жеңіл коммерциялық техника, сонымен қатар 686 жүк көлігі, арнайы техника және автобус иесін тапты. Бұл үш ай қорытындысы бойынша жақсы нәтиже, былтырғы наурызбен са­лыс­тырғанда көрсеткіш 27,8%-ға жоғары. Ағымдағы жылдың алғаш­қы тоқсанында 37 283 автомобиль өтті, ал былтыр сол кезеңде 22 370 машина сатылған (+66,7%).

Наурызда брендтер арасында­ биыл алғаш рет Hyundai көш бас­тады. Марка 3 757 моделін сау­да­лаған (2022 жылғы наурызбен салыс­тырғанда +16,3%). Chevrolet дилерлері 3 516 (+103,4%) автомобиль кілтін тапсырды. Ал үштікті 2 038 (+60,6%) моделі өткен Kia түйіндеді. Еліміз зауыттары құрастырған көліктерден бөлек Қытай брендтерін жеткізушілер де белсенді болды.

Айта кетерлігі, автокөлік өнер­кә­­­сібіне жанармай бағасының өсуі мен оның тапшылығы әсер етіп отырған қазіргі кезде ел тұр­ғындары үнемді, шағын авто­көліктерге мойын бұрары сөзсіз. Сонымен қатар отандық автоөн­ді­рушілер мен дистрибьюторлар жалғасып жатқан жартылай өткізу дағдарысын және АҚШ пен Қытай арасындағы «санкциялық соғыстардың» ушығуын ескере отырып, автокөлік компоненттерін жеткізетін елдердің санын көбейтіп, жеткізу тізбегін тұрақтандыруды сұрап отыр.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ