Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

GGG белбеуінен бас тартты

Бразилиялық журналист Уилсон Балдини боксшы Геннадий Головкин бұдан былай IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чем­пионы емес екенін хабар­лады.

Балдини Twitter парақша­сында GGG белбеуден өз еркі­мен бас тартқанын мәлімдеді. Бұл ендігіде рейтингте бірінші орында тұрған бразилиялық Эскива Фалькао вакантты титул үшін өзге үміткермен жұдырық­тасуы ықтимал екенін білдіреді. IBF рейтингінде екінші орында – аустралиялық Майкл Зерафа, үшінші орында – неміс бокс­шысы Винченцо Гуальтиери тұр.

Жалпы, Головкиннің IBF титулынан айырылғаны туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Десе де, әлеуметтік желіде осыған ұқсас хабарлама көп. Айта кетерлігі, Геннадийдің еншісінде WBA Super және IBO-ның қосалқы титулы бар. Оның WBA желісіндегі міндетті қарсыласы – әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лара.

А. ЖОЛДАС

Сәйкес жаңалықтар

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды

Қарағандылық өрт сөндіруші аралас жекпе-жекпен бес жылдан бері айналысып келеді

Қарағанды облысының спортшысы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде үздік үштікке енді