Халық нанды қарызға алатын жағдайға жеткен – депутат Ерлан Саиров
Отандық ауыл шаруашылығыдағы өте күрделі жағдайда тұр. Gosagro субсидиялау жүйесі қалыпты режимде жұмыс істемейді. Фермерлер 2020 жылдан бері барлық субсидия түрін уақытында ала алмаған. Бұл оларды жылдық 20 пайызбен қымбат несие алуға мәжбүр етіп, қаржылық жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр. Бұл туралы мәжіліс депутаты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Депутаттың сөзінше, тек Ақмола облысы бойынша 23 мың өтінімнің 13 мыңы ғана қаралған, ал Жетісу облысы бойынша 1600 диқан пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ала алмай отыр.
Осы жылы аграрийлерді қолдауға субсидия өткен жылмен салыстырғанда (426,1 млрд теңге) 5,4%-ға аз бөлінді. Тыңайтқыштарға субсидиялау 23%-ға, пестицидтерге 27%-ға, мал шаруашылығына 21%-ға, бағаны тұрақтандыруға субсидиялау 20%-ға қысқарды. Ауылшаруашылығын субсидиялауға биыл бөлінген қаржы, өткен жылғы қарызды өтеу үшін жұмсалған. Ал биылғы тапсырыс бойынша 124,5 млрд теңге тапшылық пайда болған. Үкімет Қосымша қаржы бөлу жөніндегі шешімді әлі қабылдаған жоқ, – дейді Ерлан Саиров.
Оның өзінше, мұндай жағдайда елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкін емес. Сонымен қатар депутат салыстырмалы дерек келтіріп, өнім өндіру саласындағы ынталандыру шараларындағы кем-кетікке толқталып өтті.
Бүгінде Ресей Федерациясы сүт өңдеушілерді тоннасына 25 доллар көмек жасайды, ал Қазақстанда тоннасына 5-доллардан аспайды. Келесі жылдан бастап Ресей сүт өнімдерін экспорттаушылар үшін көлік шығындарын 100% субсидиялайды. Ал бізде субсидиялар шектеулі, екінші дәрежедегі банкілер кредиттеу мөлшерлемесі өте жоғары, нәтижесінде қазақстандық өндіріс қысқарып, тоқтатылуда. Агропродукт (Алматы) және Маслодел (СҚО) екі сүт өңдеу ірі кәсіпорны жабылды. 12 құс фабрикасының жұмысы тоқтатылып, Ресей, Беларуссия, Өзбекстаннан құс өнімі импорты артып, Қытайдан сапасы күмәнді өнімдер көптеп әкелініп жатыр. Ақпан-шілде айларында ресей және беларусь шұжық өнімдерінің бағасы Қазақстан нарығында екі есеге төмендеп кетті. Қазақстандық ет кәсіпорындары қоймаларға жұмыс істеп жатыр, – дейді депутат.
Сонымен қатар, күнбағыс тұқымына экспорттық кеден салығын енгізу нарықтық бағаның 30%-ға төмендеуіне әкелген. Қабылданған шаралар Қазақстанның емес, шет ел өндірушілерінің «пайдасына» жұмыс істеп кеткен, ал май өңдеу зауыттары күнбағысты шет елден тасып отыр.
Мал шаруашылығының да ахуалы мәз емес екенін айтқан Ерлан Саиров тірі малды әкетуге тыйым салу, ірі қараны экспортты квота жасау шаралары да теріс нәтижелер бергенін алға тартты. Сондай-ақ астық нарығындағы жағдай да тұрақсыз.
Ауылда жеке үй шаруашылықтары өздерінің малын өткізуге зар болып қалды. Соның нәтижесінде малға қарап отырған ата-аналар балаларын мектепке дайындауға ақшалары жоқ! Халық нанды қарызға алатын жағдайға жеткен! Қазақстанның астық нарығындағы жағдай да тұрақсыз. Азықтық бидайдың орташа құны өткен жылмен салыстырғанда 1,5 -2 есеге арзандап кетті, бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауына себеп болуы мүмкін, – дейді Ерлан Саиров.
Оның сөзінше, бұл проблемалардың барлығы жауаптылардың жедел қимылға көшуі керек екенін көрсетеді.
«AMANAT» партиясы отандық аграрийлерді осынау қиыншылық шеңгелінен құтқару қажет деп есептейді. Біздің аграрлық секторға, ауыл адамына адами қамқорлық қажет! Орын алып отырған олқылықтарды депутат корпусымен бірігіп, фермерлерді, сарапшыларды қатыстыра отырып, нақты шешім қабылдау маңызды, – деп сөзін түйіндеді депутат.