Халықты МӘМС бойынша қарамайтын медициналық мекемелер базадан шығарылады

0
23
фото: Halyq Uni

Халық көп шағымданатын медициналық сақтандыру қызметіне талап күшейтілді. Яғни, МӘМС бойынша мединицалық қызмет көрсететін ұйымдарға қойылатын шарт түрі көбейді.

Бұған дейін бұл мекемелер пациентті өздері қабылдамай, қосалқы мердігерлікке жіберетін. Қазір осы қосалқы тараптарға беруге шектеу енгізіліп отыр. Себебі соның салдарынан қарапайым халық өздері бекітілген мединицалық мекеде емес, өзге жерде тексерілуге мәжбүр болатын.

Енді қойылған талаптар дұрыс орындалмаса, келісімшарт бұзылады. Сондай-ақ медициналық мекеме МӘМС жүйесіндегі қызмет берушілер базасынан шығарылады.

Бұл қадамдар халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ