Шетелдіктер қазақ балаларын асырауға ген тазалығы үшін қызыққан – Қымбат Досжан

0
207

Фото: Instagram kymbatdoszhan

2004 жылы бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласын анасымен қауыштыру үшін барын салып жүрген журналист, «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Қымбат Досжан «Qazaqstan» ұлттық арнасының «1001 түн» хабарында қонақ болды. Журналист Жәнібектің досы Нәзия Маматовамен бірге 2 жасында Арқалықтан шет ел асырылған баланың анасын іздеу ісі қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Қымбат Досжан сұхбат барысында шетелдіктер қазақ балаларын асырауға неге бейілді болғанына да тоқталды.

«Олар біздің тегіміздің тазалығына қызыққан және қазақтың қыздары, әйелдері балаларын тастаса ішкендіктен, басқа жолға түскендіктен емес тұрмыс тауқыметінің өте ауырлығынан тастаған. Сондықтан баланың ағзасы, жалпы гені таза деп бізге келген», деді Қымбат Досжан.

Дана МЫРЗАҚАДІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ