Instagram желідегі алаяқ-жиһазшы

0
31

Қала тұрғыны өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында,
жұбайының атынан дара кәсіпкерлік ашып, жиһаз құрастыру үшін
өндірістік үй-жайды жалға алған.
«Instagram» әлеуметтік желісінде жиһаз дайындау туралы
хабарландыру бейнероликтерін жариялаған.
Кәсіпкерлік қызметтің көрінісін жасай отырып, тапсырыс
берушілердің үйіне келіп, өзіне тиесілі емес басқа жұмыстардың
фотосуреттерін көрсетіп, жәбірленушілерді алдаған. Тиісті өлшеулер
жүргізе отырып, дара кәсіпкер атынан шарт жасасып,
жәбірленушілерден тапсырыс сомасының 70% мөлшерінде алдын-ала
төлем алып отырған.
Осындай тәсілмен 20 жәбірленушіге 8,4 млн теңге көлемінде
шығын келтірілген.
Басты сот талқылауында сотталушы жәбірленушілермен
азаматтық-құқықтық қатынас болуына сілтеме жасай отырып, кінәсін
мойындамады.
Мемлекеттік айыптаушы-прокурормен оның кінәсі толық
дәлелденді.
Кінәлі адам бірнеше рет жасаған алаяқтық үшін 4 жыл бас
бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Кінәліден жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық
шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы елорда тұрғындары мен қонақтарына
қырағы болуды, таңдалған қызметтің нәтижелерінің дұрыстығына көз
жеткізуді, сонымен қатар өз жұмысы үшін төмен баға ұсынатын
адамдарға сенбеуді ескертеді, өйткені бұның бәрі алаяқтықтың белгісі
болуы мүмкін.
Астана қаласының прокуратурасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ