Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Астанада Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған концерт өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған концерт өтті.

Кешке Ерболат Шалдыбеков, Гүлниза Жұмажанова, Перизат Тұрарова, Күнсұлу Түрікпен, Аяулым Қамажан, Перизат Омарбекова, Біржан Айтахмет, Мақпал Тоқтағанова сынды өнерпаздар мен «Gulder» ансамблі қатысты.

Композитор Ермұрат Үсеновтің «Жамбылға арнау» атты жаңа шығармасы «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің орындауында алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды.

Кеш барысында Жамбыл Жабаевтың «Жиырма бес», «Сарыбайға», «Қайта келген жастық», «Жаз», «Алғадай», «Ақындарға арнау», «Үгәй-үгәй» шығармалары, сондай-ақ ақын нұсқасындағы «Қыз Жібек» пен «Көроғлы» жырларынан үзінділер орындалды. Көрермендер Жамбыл мен Айкүмістің айтысынан да үзінді тамашалады.

Концерт бағдарламасына Сүйінбай Аронұлының, Қабан жыраудың, Кенен Әзірбаевтың, Төлеген Момбековтің, Латиф Хамидидің, Шашубай Қошқарбаевтың, Нартай Бекежановтың, Майасар Жапақовтың және Қалқа Жапсарбаевтың шығармалары енді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Астанада инклюзивті «Көңілді старттар» өтті

zamandas_kz

Президент Заманауи зерттеулер институтының директорын қабылдады

zamandas_kz

Қазақстанда Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі

zamandas_kz