Әйгілі қазақстандық боксшы өмірден өтті

0
187

Белгілі қазақстандық боксшы, жаттықтырушы, КСРО спорт шебері Леонид Тілеубаев 72 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ekaraganda.kz жазды.

Леонид Тілеубаев 1950 жылы 8 маусымда Қарағанды облысының Ғабиден Мұстафин кентінде әскери қызметшінің отбасында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Қарағандыдағы дене шынықтыру және спорт техникумына түскен.

Ол – 63,5 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасындағы КСРО чемпионы, Қазақ КСР-нің төрт дүркін чемпионы. 1971 жылы КСРО – АҚШ матчына қатысқан. 1973 жылы «Қазақстанның үздік боксшысы» атағына ие болды.

Әйгілі қазақстандық боксшы өмірден өтті

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін жаттықтырушы болды. Өмірінің соңына дейін балаларды боксқа баулып, Серік Нұрқазов, Бейбіт Есжанов, Дулат Боранқұлов және басқа да көптеген бокс жұлдыздарын тәрбиеледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ