Көрермендер талабымен «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі прокатқа қайта шықты

0
417

фото: qazaqstan.tv

Фильм 100 пайыз мемлекет қаржысына түсірілген

Кешеден бері «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің отандық кинотеатрлардағы көрсетілімі тоқтаған болатын. Қоғамдық шудан соң фильмнің көрсетілімі тағы бір аптаға созылды.

Бұл туралы фильмнің режиссері Мұрат Есжан Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Қуанышты жаңалық! Қалың көрерменнің қалауымен «Оян, қазақтың» кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды. Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық.

Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой. Мүмкін сеанс санын бұдан да ұлғайтар. Фильм 100 пайыз мемлекет қаржысына түсірілген. Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар», — деп жазды Мұрат Есжан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз