Көркем гимнастика: Қазақстан Азия чемпионы атанды

0
83
Фото: Olympic.kz

Өзбекстанның астанасы – Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы 3 медаль қоржынға түсті.

Қазақстан ересектер құрамасы 5 шығыршықпен жаттығуда Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал еліміздің жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды.

Еске сала кетсек, кешегі жарыс күнінде Елжаңа Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын.

Бүгін жекелеген жаттығулар бойынша финал өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ