Кәсібін ашқысы келетін астаналық жастарға 2,5% кредит беріледі

0
70

фото:kaz.nur.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Бизнес ашып, жеке кәсіппен айналысқысы келетін астаналық жастарға 5 млн теңге көлемінде несие беріледі.

«Жастарға қолдау көрсету тетіктерінің бірі – несие беру. Шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастардың өкілдері қатыса алады. Несие 2,5 пайызбен беріледі. Сома көлемі 5 млн-ға дейін», – деді Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, аталған бағдарлама өз кәсібін ашқысы келетін жастарға мүмкіндік береді.

«Басты талаптар – кепілге мүлік қою керек және тұрақты жұмысы бар болуы тиіс», – дейді ол.

Бұған дейін мамандығымен жұмыс істегісі келмейтін елорда жастарына қандай мүмкіндіктердің бары туралы хабарлаған едік.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ