Каспий теңізінде үрмелі матраспен кеткен үш қыз құтқарылды

0
208
Фото: ашық дереккөз

Бүгін таңертең сағат 06:00 шамасында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме компаниясының «Сұңқар» кемесінің экипажы Каспий теңізінде үрмелі матрасқа отырып, жоғалып кеткен үш қызды тапты.

Бүл туралы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қыздар ашық теңізге кеткен соң, жағалаудан 22 шақырым жерде болған. Олардың денсаулығы қалыпша. Бәріне де медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше үш қыз үрмелі матрасқа отырып, ашық теңізде жоғалып кеткен болатын. Оларды Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен полиция департаментінің қызметкерлері бірігіп іздестірді.

Бұл шараға «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылды.

Дереккөз: Халық үні

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз