Үкімет Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді

0
11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде инфрақұрылым жүйелі түрде жаңғыртылуда. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының 3,9 шақырым магистралды жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Үкімет резервінен шамамен 2,5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

№2 жылу магистралін реконструкциялау жобасы шеңберінде ЖЭО коллекторынан бастап «Сити Центр» сауда үйі маңайына дейін төменге түсіру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы басталды. Жылу магистралінің бұл учаскесі 1987 жылы пайдалануға берілген. Осы кезеңде көтергіш темірбетон конструкциялары, бекіту арматурасы біршама тозды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған учаскеде реконструкциялау жұмыстары 2025-2026 жылдары жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталады.

Жобаны жүзеге асыру жылу желілерінің тозуын азайтуға, ыстық су берудің өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Орал қаласының жылу магистралды желілерінің ұзындығы – 249 шақырым. Нысан өткен ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта тозу деңгейі 50%-ды құрайды. Инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Жөндеу жұмыстары жалғасуда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ